Central Asia Coatings Show көрмесіне қатысудың көптеген артықшылықтарын атауға болады. Солардың ең өзектілері мыналар:
Көрме Қазақстан Республикасы Индустрия және құрылыс министрлігінің, Қазақстан химия өнеркәсібі одағының, «Союзкраска» қауымдастығының қолдауымен және ҚР Сауда-өнеркәсіп палатасының қамқорлығымен өткізіледі.
Көрменің тақырыбы лак-бояу өнімдерін өндіру саласындағы жаңа өнімдердің кең ауқымын көрсету арқылы көптеген мамандар үшін қызығушылық тудырады. Көрмеде әртүрлі беттерді өңдеуге арналған материалдар, барлық түрдегі ЛКМ үшін шикізат, жабындарды өндіру және ЛКМ жағуға арналған жабдықтар, дозалау және жуу жабдықтары, қалдықтарды тазалау және қайта өңдеу жүйелері және тағы басқалары ұсынылған.
Көрмеге құрылыс саласының, химия және мұнай-газ кешендерінің, ағаш өңдеу және жиһаз өндірісінің, автомобиль өнеркәсібінің, авиация және кеме жасаудың өкілдері болып табылатын ЛКП тұтынушылары үлкен қызығушылық білдіреді.